- Біздің елде ешқандай ашықтық жоқ. Ел басқару ісі, сауда-саттық, тұрғын үй саясаты болсын - ешқандай ашықтық жоқ. Мысалы, сайлау өтсе даусымыздың кімге кеткенін, дауыс беру қорытындысын қалай есептегенін білмейміз. Сонымен қатар халықтан жиналатын салықтың қайда кетіп жатқаны тағы белгісіз. Егер біздің қоғам ашық болса, осындай маңызды деген ақпараттарды газет бетінде жарияласа дұрыс қой. Мұнайдың ақшасы қайда жұмсалып жатыр, елге қанша инвестиция келіп жатыр – оның барлығы мүлде жабық.
Ал бұл мәселелердің барлығы шетелде ашық айтылады. Ол жақта кез-келген қарапайым адам қандай ақша қайда жұмсалып жатқанын біледі. Ашықтық болмаған сон бізде қылмыс, жемқорлық көбейіп отыр. Ал біздің билік болса мұнымен күресудің орнына өз мүдделерін жоғары қояды.
Ашықтық деген Америкада бар, Еуропа елдерінде бар. Мысалы үшін, Швейцарияда халық қандай жағдайда өмір сүріп жатыр. Сол елдердің ашық қоғам орнатудағы тәжірибесін бізге ендірсе болады деп ойлаймын. Оған тек биліктің сол тәжірибені енгізуге ерік-жігері ғана болуы керек. Бірақ бұған біздің лауазымды адамдар мүдделі емес, өйткені олар бекер келіп жатқан байлықтан айырылғысы келмейді.
Бізде халықаралық стандартқа сәйкестендіріліп жазылған әдемі заңдар бар. Бірақ сол заңдар орындалмайды. Заңның орындалуына, айналып келгенде, тағы сол лауазымды адамдар мүдделі емес. Бұл жерде тағы жеке бастың мүддесі жатыр. Бұл мәселені көтеріп айттың не, айтпадың не оларға бәрібір.