Ауғанстанның Хелманд провинциясында жанкештілік бомба жарылысында кісі өлімі болды

Хелманд провинциясының Лашкарга қаласындағы мешітте өзін-өзі жарған жанкештінің шабуылында кемінде 6 адам қаза тауып, бірнеше адам жарақаттанған. Құрбан болғандардың қатарында Хелманд провинциясы губернаторының орынбасары Пир Мохаммад болған. Оның алдында Кабул қаласында жол-көлік бомбасының жарылысында бір адам опат болып, төрт адам жараланған еді. Ресмилердің айтуынша, бомба Ауғанстан ұлттық армиясына тиесілі автобусты нысанаға алған көрінеді. Сарапшылар Ауғанстандағы ахуалдың күрделеніп бара жатқаны туралы ескертеді. Бұл жөнінде АҚШ-тың екі талдаушысының хабарламасында айтылған.