Абу Ләйт Әл-Либи Ауғанстанда жаугерлік іс-қимылдарды басқаратын. Ол Ауғанстанмен шекаралас Пәкістанның Солтүстік Уәзеристан аймағында, апта басында америкалық ұшақтан жасалған зымыран соққысында қаза тапты, онымен бірге 12 жаугердің көзі жойылды делінеді. Мұны "Әл Қаидамен" байланысы бар интернет-сайты жариялаған. Дегенмен, Пәкістан ішкі істер министрлігінің өкілі қаза тапқандардың арасында Абу Ләйт Әл-Либидің мәйіті табылмады дейді, Абу Ләйт Әл-Либи қаза тапты деген мәліметті жоққа шығарды.