Алматыда сапарда болған АҚШ қорғаныс министрлігінің өкілі Митчелл Шайверс АҚШ пен Қазақстанның әскери әріптестігі өсе түседі деп мәлімдеді. Екі ел арасында 2003-2008 жылдарға арналған әскери және техникалық әріптестік жоспары қарастырылған. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі осы бесжылдық жоспар сәтімен орындалды деп сипаттайды. Рейтерс агенттігі Алматыдан бүгін жолдаған хабарында Қазақстан мен АҚШ-тың әскери салада жақындаса түсуі Ресейдің мазасын алады, себебі Ресей Орталық Азия аймағын өзіне еңшілес кеңістік деп қарастырады дейді.