Ливан соты оқ атқан әскерилерді қамауға нұсқау берді

Ливан соты үш армия офицері мен сегіз сарбазды тұтқындауға нұсқау берді. Олар осындан бір апта бұрын Бейрутта шеру өткізген жеті шиит мұсылманының өліміне қатысты делініп отыр. Және сот заңсыз қару ұстап, көтеріліс жасаған 6 бейбіт тұрғынды қамауға тапсырма берді. Өткен жексенбіде Бейрут маңындағы елді мекендерде энергия көзінің өшірілуіне байланысты өткен оппозициялық шерушілерге Ливан әскері оқ атқан.