Польша Ресеймен қарым-қатынасын жақсартқысы келеді

Премьер-министр Дональд Тусктың мәлімдеуінше, АҚШ-тың зымыраннан қорғаныс жүйесін өз жерінде орналастыруы мүмкін болған Польша Ресейге қауіп төндіруге ниеттеніп отарған жоқ. Интерфак ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Туск мырза Польша Ресеймен арадағы қарым-қатынастарын жақсартқысы келеді деп мәлімдеді. Польша премьер-министрі алдағы жұма күні Мәскеуге барады деп жоспарланған. Ал ресми Мәскеу АҚШ-тың Еуропадағы зымыраннан қорғаныс жоспары Ресейге қауіп төндіреді деп, оған қарсылық танытып келеді.