Шииттердің радикалды жетекшсі Мұхтада ас-Садрдың өкілі CBS телеарнасының екі тілшісін барымталап кеткендерімен оларды босату туралы келісімге қол жеткізілді деп айтқан. Мұхтада ас-Садрдың Басрадағы кеңсесінің директоры бұл туралы бүгін хабарлаған. Келісімнің басқадай егжей-тегжейі белгісіз. Журналистерді жексенбі күні Басрадағы мейманханаларынан жүздерін жасырған біреулер алып кеткен болатын.