Біріккен Ұлттар Ұйымы Тәжікстанда қатты суықтың салдарынан гуманитарлық жағдай одан ары қиындай түсті деп алаңдайды. Біріккен Ұлттар Ұйымының өкілі Мишель Монтас кемінде 260 мың Тәжікстан азаматына шұғыл түрде азық-түлік көмегі қажет дейді. Соңғы ширек ғасырда болмаған суықтан Тәжікстанда электрқуаты тапшы, ауыз су жүйелеріне қатты зақым келді. ЮНИСЕФ ұйымы ауруханаларға төтенше көмек жолдап жатырмыз дейді.