Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің әкесі академик Мұхтар Әлиев заңсыз қару-жарақ сақтаған деген күдікпен қылмыстық іске тартылып, елден шықпау жөнінде қолхат берген. Бұдан бұрын Қазақстан сотының үкімімен 20 жылға сырттай түрме жазасына кесілген Рахат Әлиев әкесінің шетелге шығып емделуіне Қазақстан билігі кедергі жасап отыр деп мәлімдеген болатын.
Сейсенбі күні «Азаттық» радиосына берген сұхбатында Қазақстан ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов академик М.Әлиевтің қылмыстық тергеу ісіне тартылып отырғанын айтты.
- Өткен жылы «Нұрбанк» акционерлік қоғамының екі қызметкерінің ұрлануына қатысты Р.Әлиевке қарсы қозғалған қылмыстық іс бойынша құрылған Қазақстанның ішкі істер министрлігінің арнайы тергеу тобы Р.Әлиев тұрған үйлердің барлығын тексеріп-тінту барысында оның әкесі, академик Мұхтар Әлиевтің Алматыдағы үйінен еш жерде тіркелмеген, заңсыз қару-жарақ пен оқ-дәрілер тауып алған. Қазір оларға баллистикалық және криминалдық тұрғыдан сараптау жұмыстары жүріп жатыр. Бұл, бәлкім, ұзаққа жалғасуы да мүмкін. Тергеушілер М.Әлиевке қарсы қылмыстық іс қозғалғандықтан одан ешқайда кетпейтіндігі туралы сенімхат алынған. Ол қазір өзінің үйінде, заң бойынша ешқайда кетпеуі керек, - деді Б.Қожахметов.
Биылғы қаңтардың 15-і күні Алматы қалалық Алмалы аудандық сотының сырттай үкімімен 20 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген 45 жастағы Рахат Әлиев осыдан бірнеше күн бұрын Интернет арқылы таратқан мәлімдемесінде әкесіне шұғыл операция жасату үшін шетелге шығуына Қазақстан полициясы рұқсат бермей, оны елде ұстап отыр деген болатын.
Қазақстанның Жоғарғы сотының бұрынғы судьясы, заңгер Өтеген Ықсанов егер де Мұхтар Әлиев шынымен де қатты ауру болса онда, заң бойынша алдымен сотқа шағымданып, одан рұқсат алған соң сырқатын шетелге шығып емдетуіне болады дегенлді айтады.
- Оның бұндай құқығы бар, ал сот қандай шешім шығаратындығы - ол басқа мәселе, - дейді заңгер.
Саясаткер Әміржан Қосановтың пікірінше, бұл мәселеге екі түрлі көзбен қараған дұрыс болмақ.
- Біріншіден, Әлиевтер әулеті өздеріне тағылып отырған бұл қылмыстық жағдай жөнінде ашық айтып, халық алдында істің ақ-қарасын жіктеп берулері керек, егерде өздеріне шынымен жала жабылып отырса, ол туралы да ашық айтып, өз атақ-абырой белдерін сақтап қалулары тиіс. Екіншіден, егер де Р.Әлиевтің қандай бір іске байланысы болғаны рас болса, оны әкесі білмей қалуы мүмкін емес. Сондықтан әкесі бұл жөніндегі өз пікірін де ашық айтуы тиіс. Ал егерде шынымен Р.Әлиевтің әкесінің денсаулық жағдайы нашар болғандықтан оны елде емдеуге келмейтін болса, онда билік М.Әлиевтің шетелге барып емделуіне қарсылық көрсетпеуі керек, - дейді саясаткер Ә.Қосанов.
Ақпанның 19-күні кейбір Қазақстандық ақпарат құралдары академик Мұхтар Әлиев өзінің үйде құлап басын жарақаттап алған соң ауруханаға түскенін, алайда елде де, шетелде де өзіне шұғыл операция жасау қажеттігі жоқ екендігін, ондай әңгімені ұлы Рахат әкесін шетелге алып кеткісі келіп өз бетінше шығарғаны туралы айтқаны жөнінде ақпарат таратты. Алайда бұл соңғы ақпаратты академик М.Әлиевтің өз аузынан растау мүмкін болмай отыр.