Ресей мен Украина арасындағы газ дауы аяқталды

Ресей премьер-министрі Виктор Зубков Украинамен арадағы газ дауы аяқталды деп мәлімдеді. Бұл туралы ол Мәскеуде Украина премьер-министрі Юлия Тимошенкомен өткізген келіссөзінен кейін айтты. Өткен аптада Украина президенті Виктор Ющенко мен Ресей президенті Владимир Путин екі ел арасындағы газ дауына қатысты мәселені шешу жөнінде келісімге келген болатын.