Белорус түрмесінде жатқан оппозиция жетекшісінің әйелі кеуде рагі дертінен қайтыс болды. 49 жасар Ирина Казулина бұл ауру туралы ақпарат беру үшін елде үлкен науқан жүргізген. Ол сондай-ақ, абақтыдағы күйеуі Александр Казулинді шығарып алу үшін көп әрекеттенген. Президенттіктен үміткер болған Казулин үкіметке қарсы шерулер ұйымдастырды деп екі жылға сотталған. Казулиннің туыстары оның әйелінің жерлеу рәсіміне қатысуы үшін биліктен рұқсат алуға өтініш беріп отыр.