БУДАПЕШТ: Ресейдің 1-інші вице-премьері әрі президент сайлауына түсетін үміткер Д.Медведев Будапештке келген қысқа сапарының нәтижесінде Мажарстанның “Оңтүстік ағын” газ құбыры жобасына қосылуы туралы келісімге қол жеткізді. Ол туралы Ресейдің ИТАР-ТАСС агенттігі хабарлайды. Алдағы бейсенбі күні Мәскеуде Ресей мен Мажарстан арасындағы тиесілі құжатқа қол қойылуға тиіс. “Оңтүстік ағын” газ құбырының бір бөлігін Мажарстан жерінен тарту үшін бірлескен кәсіпорын құрылады.