Төтенше жағдайды енгізу үшін Ереван көшелерінде әскери жасақтар мен танкілер тұр. Наурыздың 1-і күні қазіргі президент Роберт Кочарян елде 20 күнге төтенше жағдай жариялаған болатын. Бұдан бұрын болған қауіпсіздік күштері мен оппозиция шерушілері арасындағы қақтығыстан 8 адам қаза болып, бірнеше ондағаны жараланған еді. Оппозициядағы үміткер Левон Тер-Петросян жақтастары ақпанның 19-да болған сайлау қорытындысы қазіргі үкімет басшысы, үміткер Серж Саркисянның пайдасына бұрмаланды, деп отыр.