Ресей Украинаны газбен жабдықтауды екі есеге дейін қысқартты

Ресейдің Газпром компаниясы төлем төлеу турасындағы пікірталастарға байланысты осындай қадамға барған. Газпром мемлекеттік компаниясының өкілі Сергей Куприяновтың айтуынша, Украинаның Нафтогазы пайдаланылған газ үшін жүздеген миллион доллар қарызын өтеу мәселесін шешпесе, газбен жабдықтау көлемі тағы да қысқартылуы ықтимал. Киев өз кезегінде көгілдір отынның Европаға тасымал көлемі қысқаруы мүмкін деп ескертті.