Ресей мен Украина да газ мәселесіне қатысты дауды шешті

Украинаның көгілдір отынмен жабдықталуын екі есеге дейін қысқартқан газ төлеміне қатысты мәселені екі елдің ресмилері шешкендіктерін хабарлады. Ресейдің Газпром компаниясы мен Украинаның Нафтогазының бірлескен мәлімдемесінде Украинаға газ жөнелту көлемі қалыпқа келтіріледі деп жазылған.