ТИРАНА: Өткен түнде Албанияда егіз баланың туған күнін тойлаған 16 адам суға кетті. Албан үкіметінің хабарлауынша, Тирана қаласының іргесіндегі мейрамханадан шағын қайыққа отырған 20 адам Фарка көліне серуенге шыққан кезінде, қайық төңкерілді. Суға тұнышығып қаза болғандардың ішінде 5 жастағы егіз бала да бар көрінеді. 4 кісіге ғана аман қалды.