Аталған қарар жобасында Евродақ елдерінің Косово тәуелсіздігін мойындауына байланысты Сербияның Евродақпен келіссөздерін тоқтату туралы айтылған. Қарар жобасын Сербияның радикалды партиясы әзірлеп, үкіметбасы Воислав Коштуница оған қолдау білдірген болатын. Құжатты кабинеттің 7 мүшесі жақтап, 15 министр қарсы болған. Енді қарар жобасы Сербия парламентінің қарауына ұсынылатын болады, онда ұлтшылдар басым.