Финляндия Косово тәуелсіздігін мойындады

Бүгін Финляндия Косовоны тәуелсіз мемлекет ретінде мойындады. Оның алдында бірқатар Скандинавия елдері солай жасаған болатын. Финляндия президенті Приштинамен дипломатиялық қарым-қатынас құру жөніндегі шешімді мақұлдады. Сербия аймағы болған Косово - өз тәуелсіздігін ақпанның 17-де жариялаған болатын.