Грузия оппозициясы Тбилисиде наразылық шарасын өткізді

Грузия оппозициясының мыңдаған қолдаушысы Тбилисиде президент Михаил Саакашвилиге қарсы наразылық шерулерін өткізді. Парламент ғимараты жанында жиналған наразылық танытушылар 5-ші қаңтардағы президент сайлауының қорытындысы бұрмаланды деп айыптап отыр. Сонымен қатар олар үкіметті мамыр айында өтетін парламенттік сайлаулардың алдында бұқаралық ақпарат құралдарын бақылауда деп кінәлады.