Ирақтың солтүстігіндегі Сулаймания қаласында бір жанкешті қонақ үйдің жанында өз көлігін жарып жіберді. Оның салдарынан кемінде бір адам қаза тауып, ондаған кісі жараланды. Сулаймания өлкесінің әкімінің орынбасары ол жарылыстан бір полиция қызметкері опат болып, 31 адам жарақат алды деп хабарлады. Ал Бағдадтың орталығында орын алған жанкештілік шабуылдан 5 АҚШ сарбазы мерт болды.