АҚШ Ислам конференциясы ұйымына өзінің бірінші елшісін жібермекші

Америка 57 мемлекеттен құралған әлемдегі ең үлкен мұсылман үкіметаралық Ислам конференциясы ұйымына өзінің алғашқы арнайы елшісі етіп, шыққан тегі пәкістандық азаматты жіберетіндігін хабарлаған. АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бұл АҚШ үкіметінің әлемдегі мұсылман қауымдастығымен қарым-қатынасты кеңейту жолында атқарып жатқан күш-жігерінің бір бөлігі деп айтқан. Арнайы елші Сада Камбер Ислам конференциясы ұйымының осы аптада Сенегалда өтетін саммитіне қатысуы тиіс.