Қытай билігі Тибет астанасы Лхасадағы көтеріліске қатысқандар өз еркімен дүйсенбіге дейін шеруден бас тартса, оларға кешірім жасалады деген. Цинхуа агенттігіне Тибет билігі шерушілер мектеп, аурухана, дүкен-үйлерді өртеп, қиратып, 10 адамды өлтірді деген айыптауларын айтты. Ал, қуғында жүрген Үндістандағы Тибет үкіметі БҰҰ-ын Лхасадағы бейбіт шерушілерді күшпен басып тастаған үкіметтің әрекетіне байланысты, оқиғаға тергеу жүргізуге шақырды. Олардың айтуынша, онда жүздеген адам қаза тапты.