Армения парламенті шерулер өткізуге шектеу қойды

Ел президенті Роберт Кочарян 20 күнге енгізген төтенше жағдай тәртібі жұма күні аяқталады. Парламент бұдан кейін шерулер болса оппозиция мен полиция арасында қақытығыстар болуы мүмкін дейді. Армения оппозициясы 19 ақпанда өткен президент сайлауы бұрмаланды деп наразы. Оппозиция халықты көшеге алып шыққанда, қақтығыстар болып, салдарынан сегіз адам қаза тапқан, жүзден аса адам жарақат алған.