БҰҰ Бас хатшысы Сербияны Косоводағы сербтерді тиюға шақырды

НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ның Бас хатшысы Пан Ги Мун Косовоның сербтер тұратын ауданынан шыққан бейберекетке өзінің үлкен өкінішін білдірді. Ол Сербия үкіметінен БҰҰ-ның полициясы мен НАТО күштерінің қызмет атқаруына мүмкіндік беру және қантөгісті доғару үшін Косоводағы сербтерге ықпал етуін өтінді. Кеше Косовска-Митровице қаласындағы өзара қақтығыста Косовоның тәуелсіздігіне қарсы наразылыққа шыққан 70-тен астам жергілікті серб және 60-тан асатын БҰҰ-ның полицейі мен бітімгер түрлі жарақат алды.