Пәкістан парламентінің жаңа құрамы үш мәрте депутат болып сайланған кәсіпкер әйел Фахмида Мирзаны өткен жылдың аяғында қастандық құрбаны болған оппозиция жетекшісі Беназир Бхуттоның партиясынан парламент спикері етіп сайлады. Бұрынғы спикер Амир Хусейн Фахмиданың 342 орындық Ұлттық Ассамблеяда 249 дауыс алғандығын айтты. Бхуттоның Пәкістан халық партиясы 18 ақпанда өткен Парламент сайлауында президент Первез Мүшаррафтың қолдаушыларынан басым түсіп жеңіске жеткен болатын, ол енді коалициялық жаңа үкіметті жасақтайды.