Сергей Лавров Косовоға әскери көмек берілуін сынады

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Америка Құрама Штаттарының Косовоға әскери көмек береміз дегені халықаралық заңды бұзады деп сын айтты. Сергей Лавровтың кеше Израиль сапарында айтқан сөзін "Интерфакс" агенттігі жариялады. Сергей Лавров Біріккен Ұлттар Ұйымының қаулысы бітімгершілік жасақтар болмаса Косовоға қару-жарақ беруге тиім салған дейді. Косовоға қару-жарақ көмегін көрсетуді АҚШ президенті Джордж Буш сәрсенбі күні бұйырды. Мұны Сербия президенті Борис Тадич те сынады.