Әр-Риядта АҚШ вице президенті Дик Ченей мен Сауд Арабия патшасы Абдулла бағасы шарықтап кеткен энергия көзі туралы пікір алысты. Ченейдің өкілі мәлімдегендей, екі тарап ортақ көзқарасын танытып, келіссөздер нәтижелі өткен. Осыған дейін Сауд Арабия Құрама Штаттардың мұнайды көбірек өндіріп, бағаны төмен ұстауға шақырған үндеуіне қарсы тұрып келген. Бүгін Дик Ченей өзінің Таяу Шығыстағы сапарын жалғастырып, Израйлден Батыс жағалауға барды.