Наурыздың 21 күні Қазақстан Қор биржасындағы саудада елдегі ірі ақпараттық холдинг «Хабар» агенттігінің бұған дейін жеке акционерлердің қолында болған 49,99 пайыз акциясы бір лотпен 100 миллион доллардан астам ақшаға «Самғау» ұлттық ғылыми техникалық холдингіне сатылды. Ресми ақпараттарда ол акцияны сатқан жеке акционерлердің аты-жөні айтылмайды. Бұған дейін Қазақстан оппозициясы мен тәуелсіз баспасөз құралдары «Хабар» агенттігі акцияларының жартысына жуығына Қазақстан президентінің жақын туыстары иелік етеді деген мәліметтер жариялаған болатын.
Қазақстандағы бірқатар сарапшылардың пікірінше, елдегі ірі бұқаралық ақпарат құралдарын біріктірген «Хабар» агенттігінің тез және бір органға сатылуы халықаралық талаптарға қайшы келуі ықтимал. Себебі, Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Қазақстан ұйымға төраға болғысы келсе БАҚ тәуелсіз болсын деген талап қойған. Кейбір саясаткерлердің пікірінше, сауданы ұйымдастырғандар әрі мүлікке ие болып, әрі монополияны күшейтіп алды.
«Хабар» агенттігінің ресми сайтындағы мәліметке сәйкес, Қазақстандағы ірі медиа-холдинг «Хабар» агенттігінің құнды қағаздарын 100 миллион доллардан астам ақшаға «Самғау» ғылыми-технологиялық холдингі сатып алды. Әрқайсысы 21 мың теңге тұратын 570 мыңнан асатын акциялар бір ғана лотпен сатылған. Cаудаға тек алдын ала 16 миллион доллар қаражат енгізген компаниялар ғана қатыстырылды деп хабарлайды Қор биржасы. Және «Хабар» агенттігінің құрамына кіретін 3 телеарна мен бір радио тек бірге сатылады деп хабарланды. Саясаткер Дос Көшім бұл сауданы қайта бөліске жатқызады.
«Хабар» агенттігінің құрамына «Хабар», «Еларна» телекомпаниялары, «Каспионет» спутниктік телеарнасы және «Хабар» радиосы кіреді. «Хабар» агенттігінің 50,1 пайыз акциясы мемлекеттің иелігінде болатын. Сатылған акциялардың қожайындары кім болғаны ресми ақпараттарда айтылмай, құпия күйінде қалып отыр. Айта кететін жайт, олардан барлық акцияларды сатып алған «Самғау» акционерлік қоғамының құрамына «Қазтелерадио», «Кателко», «Казсатнет» ұлттық компаниясы, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» және «Ғылым қоры» қаржы жүйесінің ақпарат орталығы кіреді.
Саясаттанушы Рәбиға Байымбетованың пікірінше, Еуропадағы ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы Қазақстанда БАҚ тәуелсіз болсын деген талап қойған.
- Бізде авторитарлық демократия болғандықтан, бірнеше телеарнаның бір ұйымға бірден сатылғандығы жаман болды, себебі бәсеке таласы болмайды, - дейді саясаттанушы Байымбетова.
Саясаткер Зәуреш Батталова бұл сауданың мақсаты – ақпарат саласында монополияны күшейту деп санайды. Бұл саудаға ел президенті отбасының қатысы бар, дейді Батталова.
2004 жылы елдің бұрынғы ақпарат министрі Алтынбек Сәрсенбайұлы «Хабар» агенттігіне ел президенті Назарбаевтың үлкен қызы Дариғаның отбасы иелік ететінін айтып, олар елдің ақпарат саласында монополистке айналды деген болатын. Сол кезде оппозицияда болған А.Сәрсенбайұлы «Хабар» агенттігінің құрамына жоғарыда аталған телеарналармен қатар «КТК», «НТК», «Евразия» телеарналары, «Алма-ТВ» кабельдік жүйесі, «Европа плюс Қазақстан» радиосы, «Русское радио Қазақстан» және «Радио Ретро» кіреді деп айтқан-ды. Қазақстанда 9 жыл ақпарат министрі болған А.Сәрсенбайұлы «Хабар» мемлекет тарабынан заңсыз қаржыландырылып келгенін сынап, «Хабарға» бюджеттен бірде 200 миллион, бірде 470 миллион теңге бөлінді, бұл бюджет қаржысын жымқыру деп атады.
Осындай пікірінен соң Алтынбек Сәрсенбайұлын «Хабар» агенттігі іскерлік беделге нұқсан келтірді деп сотқа берген еді. Ал, экс-министр өз сөзінің растығына және кезінде «Хабар» агенттігі құнды қағаздарының жартысы ақша төленбесе де жеке тұлғаға беріліп кеткеніне бұрынғы премьер-министр Әкежан Қажыгелдиннің куәлік беруге әзір екенін айтты. Алайда сот А.Сәрсенбайұлының айтқан деректері мен қойған талаптарын ескерусіз қалдырып, оған 1 млн теңге айыппұл салған болатын.
А.Сәрсенбайұлы 2006 жылдың ақпанында Алматыда жанындағы екі серігімен бірге қастандықпен атып өлтірілген соң, біраз уақыт өткенде, президент Назарбаевтың сол кездегі үлкен күйеу баласы Рахат Әлиев кезінде Сәрсенбайұлы атаған бірқатар ақпарат құралдарына өз отбасы иелік ететінін баспасөзде ашық мойындады. Ал 2007 жылы көктемде Австрияда елші боп жүрген Р.Әлиевке қарсы Қазақстанда адам ұрлады деген айып тағылып, кейіннен ол ұзақ мерзімге сырттай сотталды. Оны Қазақстанға қайтару туралы ел үкіметінің сұрауын Австрия соты қанағаттандырмай тастады. Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева мен Рахат Әлиевтің некесі Қазақстанда сырттай ажырастырылып, үкімет Әлиевті барлық ресми лауазым-шенінен айырды. Сонымен бірге ол өзінің меншігіндегі дүние-мүлікті, соның ішінде бірқатар ақпарат құралдарын заңсыз тартып алды деп бұрынғы қайын атасын сынап мәлімдемелер жасады.