Сенбі күнгі басылымдардың дені Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамы туралы жазыпты. Ресми басылымдар Қазақстан президентінің кеше осы күнге орай Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақ ұлттық музыка академиясының мерейтойына және Наурыз мерекесіне арналған үлкен концертке қатысқаны туралы, одан “Астана – 2008” ІІ Азия Олимпиадалық іріктеу турниріне келген Халықаралық әуесқой бокс федерациясының президенті мен вице-президенттерін қабылдағаны туралы жазыпты. Бірқатар басылымдар «Хабар» агенттігінің сатылғаны туралы жазады.
«Казахстанская правда» газеті Наурыз мейрамына арнаған топтамасында «бұл мейрам көне Ирандағы Ахаменидтер заманы – IIІ-VII ғасырдан келеді» деп жазыпты.
«Айқын» басылымы «Ұлысты ұлықтауда ұтылып жүрген жоқпыз ба?» деген мақаласында Наурыз тойлаудың қыр-сырына тоқтап, «Наурыз әкімдердің алдында есеп беретін кезекті шара деңгейінен көтеріліп, жалпыхалықтық сипатқа ие болмаса, таңдаулы топтың бас сұғуы үшін құрылған киіз үйлер тігілген, жұрт жиналып бір күн ауқат ішетін көлемді қоғамдық асхананы елестетін алаңдардан әр отбасына жетіп, республикадағы барлық ұлттың отбасылық мерекесіне айналмаса Иса пайғамбардың туған күнінің тасасында қала бермек» деген тұжырым айтыпты.
«Егемен Қазақстан» газеті болса, аймақтарға барып, сайлаушылармен кездесіп келген сенаторлардың алып келген ел сәлемдемелерін басыпты. Онда Атырау өңіріне барып келген сенатор Жандарбек Кәкішев: «Ол жақтың ең басты мәселесі – “тұтыну себетіндегі” бағаның жоғарылығы. Жергілікті бағалардың бәрі мұнайшылардың табысына бағдарланған. Әрине, мұнайшының табысына қарасаңыз “себеттің” бағасы қымбат емес, бірақ бюджеттен ақша алатындар мен зейнетақы және басқа да үкіметтік қорлардан төлемақы алатындар үшін оның бағасы тым қымбат» дей келіп, «бір қуаныштысы – биылдан бастап халықты газбен қамтамасыз ету мәселесі шешілгелі жатыр. Әрине, газдың үстінде отырған халыққа оның жеткізілмей, әлі күнге тезек жағып отырғаны жағымсыз жайт» депті. Одан әрі сенатор: «сосынғы бір мәселе, шағын және орта бизнесті қолдау кейде бос сөз болып қалатын секілді. Мәселен, ауылдың бір тұрғыны тиын-тебенін жинап, шағын дүкен ашса оған электр қуатын қостыру үшін бәленбай мың теңге ақша төлеуі керек екен. Нақты айтсақ, жаңадан ашылған дүкенге 10 квт. электр қуатын беру үшін кәсіпорын 720 мың теңге (ол шамамен 6 мың доллардай) ақша талап ететін көрінеді» деп айтыпты. Тағы да бір «Қазақтың қазанаты қайда?» деген мақаласында құрып баратқан қазанат, жабы жылқысының, Көшім, Мұғалжар жылқы тұқымдарының проблемалары туралы жазады.
«Литер» газеті де осы тақырыптағы «ПофиГЕННАЯ инженерия», яғни «Немқұрайлы гендік инженерия» деген агроөнеркәсіп саласындағы проблемаларға арнаған мақаласында автор «осыдан 15 жылдай бұрын Қостанайға Израйлден 3 миллион долларға сатып әкелген компьютерлендірген сүт өндіру кешенін жөнді іске қоса алмай, не ешкімге сата алмай ақыры, Қытайға металлолом етіп өткізіп құтылды-ау» деген мысал келтіріпті.
«Егемен Қазақстан» газеті болса, «Біле тұра жасалған білместік» деген мақалсында «соңғы кездері қазақты енжарлық пен жалқаулық билеп кеткендей, ...екі-үш құлынды биесі бар үйде бір ұрттам қымыз болмауы не сұмдық?, дастарханымыздан қымыз бен шұбатты, қатық... т.б. ұлттық тағамдарды неге көрмейміз? Уыз, жент, ашымаған нан дегендеріңіз және ұмыт болған, есесіне ішімдіктен алдымызға жан салмайтын халге жеттік» деп, денсаулықты тағам арқылы қалай күту керектігіне тоқтапты.
«Айқын» газеті «Парламентті тоқал мәселесі «толқытып» жіберді» деген мақаласында, «Парламент қоржынына «Неке және отбасы» кодексінің жобасы түскелі бері, ер депутаттар «тоқал» мәселесін жақтап шықса, «гендерлік саясат желпіндіріп жүрген әйел депутаттар «көп күйеуге тию туралы» өзгеріс енгізгісі келетін» сыңайлы» дей келіп, автор «көтеріліп отырған жай, қоғамда болып жатқан және мыңдаған әйелдер мен балалардың құқына қатысты мәселе... Жоқ әлде, мұндай мәселелерді шешу үшін бір партиялық Парламент емес, бір жынысты да болуы керек пе?» деп сұрапты.
«Время» газеті Рахат Әлиев пен оның серіктерінің қалалық соттағы аппеляциясында бұрынғы шешім негізінен күшінде қалғанымен, бірқатар қылмыскерлердің жазасы жеңілдетілгені туралы жазыпты.
Кейбір басылымдар «Хабар» агенттігі акцияларының 50 пайыздайын мемлекеттік «Самғау» холдигі сатып алғанын жазады.
«Экспресс К» газеті «1 сәуірден бастап Қазақстанда электр энергиясының бағасы өсетінін және ол жыл аяғына дейін 16 пайыздай көтерлетінін» хабарлапты.