Нидерланды премьер министрі голландиялық саясаткердің ислам туралы киносын қатты сынады

Нидерланды премьер министрі Яан Петер Балкененде өз үкіметі ислам туралы түсірілген голландиялық саясаткердің фильмін қабылдамайтынын айтты. Құран кітабы мен исламға шек келтіретін голландиялық саясаткер Геерт Вилдерстің ол қысқа метражды киносы интернетке шығарылған. Валкененденің мәлімдемесінде, бұл фильм қақтығыс пен исламды теңгеріп көрсетеді, Нидерланды үкіметі діни араздық тудыратын бұл көрсетілімді қабылдамайды делінген. Және үкімет басшысы барлық тараптарды қақтығыс пен қауіп тудырмауға шақырған.