Бүгін Пәкістан парламенті елдің жаңа премьер министрі Юсаф Раза Гиланиге сенім танытып дауыс берді. Депутаттардың таңдауымен осы аптаның басында сайланған Гилани елдегі бейбіт жағдайды қалпына келтіріп, терроризмді ауыздықтау өз үкіметінің басым бағыттары болатынын айтты.
«Елімізге бейбіт жағдайды әкеліп, терроризммен күресу біздің басым бағыттарымыз болады. Террормен соғыс біздің жеке соғысымыз, өйткені бейкүнә балаларымыз бен әскерлеріміз оның салдарынан құрбан болып жатыр», - деді Гилани.
Ол өз сөзінде, жаңа кабинет қаруды тастайтын барлық жауынгерлермен келіссөздерге дайын деді. Және ол президент Первез Мушарраф қызметінен алған соттарды бұрынғы орнына келтіруді қарастыратынын айтты.