Ресей журналисі Британиядан саяси баспана алды

Ресейлік журналист Елена Трегубова өзіне Британия саяси баспана бергенін айтты. Рейтерс агенттігіне Лондоннан берген сұхбатында ол, өзінің Британия үкіметіне берген өтініші қабылданғанын хабарлаған. Екі кітаптың ауторы әрі “Коммерсант” газетінің тілшісі болған Трегубова өзінің президент Владимир Путин билігін кезінде Кремлді сынап жазған мақалаларына байланысты Ресейдегі өмірі қауіпті болуы мүмкін деп саяси баспана сұрағанын айтқан. Ол Ресейден 2004 жылы өзінің Мәскеудегі пәтерінің есігі сыртында жарылыс болған соң кетіп қалған.