Түріктер мен гректер жағына бөлінген Кипр аралы бүгін қайта бірігеді

НИКОСИЯ: Ондаған жылдар бойы қақ бөлінген Кипрдің белгісі болып келген көшедегі бөгет-қабырға бүгін ашылуға тиіс. Кипрдің астанасы – Никосияны гректер мен түріктердің жағына бөліп тұрған Ледра көшесіндегі әлгі бөгет – Астана уақыты бойынша сағат 12-де ашылады. Оған себеп: өткен айда Кипрдің грек және түрік қауымдастықтары аралды біріктіру туралы келіссөзді жалғастыруға келісті. Арал – оны Грекияның өз жеріне қосып алуға ұмтылған әрекетіне қарсы Түркия Кипрдің 1/3-бөлігін құрайтын солтүстігін басып алған 1974-інші жылы этникалық жікке бөлінді.