Сербия өзінің ең жақын одақтасынан қайырымдылық көмек ала бастады

БЕЛГРАД: Кеше Ресейдің Косоводағы серб қауымдастығына арналған қайырымдылық көмегі Белградқа келіп жетті. Азық-түліктен тұратын көмек Сербия үкіметінің сұрауы бойынша жіберілді. Сербияның Косово істері бойынша министрі Слободан Самарджич “бұл біз үшін жарқын күн болды” деп мәлімдеп, азық-түлік пен дәрі-дәрмек тиілген тағы 3 ұшақтың 10-ыншы сәуірде келіп жететінін хабарлады. Ресей – Косово проблемасына байланысты Батыспен арадағы теке-тіресінде Сербияның ең жақын одақтасы болып табылады. Кеше Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров Косовоның БҰҰ-ына мүше болуына Мәскеу жол бермейді деп мәлімдеді.