Канаданың 2,5 мыңдық әскері Ауғанстанда 2011-інші жылға дейін қалады

БУХАРЕСТ: Францияның Ауғанстанға қосымша әскерін жіберуге әзір екенін мәлімдеген соң Канада да Ауғанстаннан өз әскерін шығармайтын болды. Енді Канаданың әскері Ауғанстанда аз дегенде 2011-інші жылға дейін қалатын сияқты. Осыған дейін ресми Оттава егер НАТО-дағы одақтастары тәліптерге қарсы соқысу үшін Ауғанстанға қосымша күштерін жолдамайтын болса, онда 2,5 мың жауынгерлік әскерін Ауғанстаннан алып кететінін ескерткен болатын. НАТО-ның Бухарестегі саммитінде Франция Ауғанстанның шығысына 1 батальонын аттандыратынын растады.