Бейжінде соттың адам хұқын қорғаушы Ху Цзяны билікті құлатуға бағытталған арандатушы әрекеттерге барды деген айыппен үш жарым жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шығарғанын Евродақ пен АҚШ сынға алды. Тергеушілер істің Ху Цзяның интернеттегі материалдары мен шетелдік баспасөзге берген сұхбаттарына негізделгендігін айтқан. Қытай билігі шетелдердің үкімді айыптауларын кері қақты.