Ал Хорватия мен Албанияның НАТО одағына қосылатындығы айқындалып қалды. НАТО ресмилері Албания мен Хорватия альянсқа қабылдануға шақырту алады, ал Македония Грециямен арадағы пікірталасты шешпейінше, одақ қатарына қабылданбайды деген. Греция өзінің солтүстігіндегі бір провинциясының атымен аттас болып келетін Македонияның атын мойындаудан бас тартып отырғандығы аян. НАТО ұйымындағы Македония елшісі Никола Дмитров Македонияны одаққа қабылдаудан бас тарту өкінішті дей келе, бұл Балқан аймағының тұрақтылығына соққы деп атап көрсеткен.