Халықаралық валюта қорының болжамы бойынша әлем экономикасының дамуы баяулаған

Халықаралық валюта қоры АҚШ рецессияға жақындап жатыр деп мәлімдеді. Қордың болжамына сәйкес, әлем экономикасының дамуы баяулап, осы жылы ол 3.7 пайызға өсуге тиіс. Бұған АҚШ-тың несие беру саласындағы дағдарыс әсер етуде, дейді халықаралық валюта қоры. Оның есебі бойынша, өткен жылы әлем экономикасы 4.9 пайызға өскен.