Франция президентінің әйелі Карла Бруни-Саркозидің тыр жалаңаш күйінде түскен суреті 91 мың долларға сатылды. Бұл фотосурет 1993 жылы оның модельдік жұмысы кезінде түсірілген болатын. Бейсенбі күні Нью-Йоркте өткен аукционда бұл фотосуретті бір Қытайлық азамат сатып алды. Ақпан айында Карла Бруни Франция президенті Николя Саркозимен тұрмыс құрған тұғын.