Техран БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты бес мүшесі мен Германия алдында Батыспен ядролық мәселе бойынша теке-тіресті шешуге бағытталған ұсыныстар жасағысы келеді деп мәлімдеген Иран сыртқы істер министрі Манучер Моттаки мемлекетік теледидардан сөйлеген сөзінде. Дегенмен де ол сәуірдің 16-да жасалады деп белгіленген бұл ұсысныстардың егжей-тегжейіне тоқталмаған. Бұл аралықта Венада Иранның атом қуаты ұйымының жетекшісі Холам Реза Агазаде Халықаралық атом қуаты агенттігінің директоры Мохаммед Елбарадеймен дүйсенбіге жоспарланған кездесуден ешқандай түсніктемесіз бас тартқан.