Гаага трибуналы Сербияның тағы 2 қылмыскерінің ісін қарауға кіріседі

ГААГА: Әскери қылмыстар бойынша Халықаралық Гаага трибуналы бүгін Сербияның бұрынғы мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы Йовица Станишичтің қылмыстық ісін қарауды бастады. Станишич пен оның бұрынғы орынбасары Франко Симатовичке 1990-ыншы жылдардың басында өздері басқарған қауіпсіздік қызметі Хорватия мен Боснияда әскери қылмыстар істеді деген айыптар тағылып отыр. Екеуі де қылмыстарын мойындарына алмайды. Бұл сот үдерісі Станишичтің денсаулығы салдарынан бірнеше рет кейінге ысырылып келді.