Ирақтағы кісі ұрлаушылардың қолында 2 ай отырған британ журналисі құтқарылды

ӘЛ-БАСРА: Ирақ армиясының хабарлауынша, осыдан 2 ай бұрын оңтүстіктегі Әл-Басра қаласында ұрланған британ журналисі құтқарылды. Армияның өкілі Мухаммад Әл-Аскаридің мәлімдеуінше, журналист Ирақ қарулы күштерінің іс-қимылы нәтижесінде босатылды. АҚШ-тың Си-Би-Эс телеарнасына жұмыс істейтін Р.Батлер мен оның тілмәшін Әл-Басраның қонақ үйінен беттерін бүркеп алған кісілер10-ыншы ақпан күні ұрлап алып кетіп, бірнеше күннен кейін тілмәшты қоя берді.