Халықаралық комитет тараптардың барлығын, Ауған әскерлерін, шетелдік жасақтарды және көтерілісшілерді бейбіт тұрғындардың жапа шегуіне жол бермеуге шақырды. Қызыл крест комитетінің президенті Келленбергер Ауған үкіметінен Кабулдың оңтүстігіндегі түрмеге қамалғандарға заңдық әділеттілік кепілдігі берілсін, сапалы дәрігерлік қызмет көрсетілсін деп талап етті. Аптаға жалғасқан сапарын аяқтай келе қызыл крест басшысы түрмелердегі жағдайды тереңірек зерттейміз деді, сондай-ақ Баграм базасында ұсталып отырғандардың алаңдаушылық жағдайына да тоқталды.