Өзбекстан президентінің баспасөз қызметі хабарлағандай, президент Ислам Каримов сәуірдің 22-23 күндері ресми сапармен Қазақстанға барады. Онда қазақстандық әріптесі Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесіп, екі жақты мәселелерді талқылайды. Каримовтың сапары Қазақстанның астық экспортына уақытша тыйым салып отырғанынан кейін болайын деп отыр. Өзбекстан жыл сайын Қазақстаннан 120 мың тонна астық сатып алады. Қырғызстан президенті де осы аптада Қазақстанға сапармен барып, еліне Қазақстанның Қырғызстанға астық сатуды жалғастырамыз деген уәдесін алып қайтқан.