Талғар қаласының тұрғыны Серғазы ауылдағы тазалық жайында

- Біздің Талғар қаласындағы Спирт зауыты маңынан ағатын екі кішкене өзен бар, егістікке ағып шығады. Сол өзеннің іші-сырты иттің өлексесі, базардан сатып алған бұйымның сыртын орайтын қағаз секілді қоқсыққа толып жатыр, аяқ алып жүргісіз. Енді осы сасып-шіріп жатқан жерге бір тазалық жүргізуді мына жергілікті әкімқараларға айта-айта шаршадық. Ана ағып жатқан суды мал ішеді, малдың сүтін біз ішеміз. Биліктің тарапынан бақылау болмағасын жұрт та көрінген қоқыр-соқырды соған тастай беретін боп алды. Ондайларға шара қолданып тиым салатын орындар жоқтың қасы.

Ал осыны қадағалайтын орын бар дейді, бірақ мен соның мекен-жайын бір біле алмай-ақ қойдым. Ал әкімшілік болса сенбілік дегенді өткізгенде ана орталық көшелерді, алаңдарды тазартқан болады да, мына жерлер сол бойы былғаныш қалпында жатыр. Осыған назар бұратын мемлекеттік орын бар ма екен?