Грузияның Экономикалық даму жөніндегі министрінің орынбасары Вато Лежаваның хабарлауынша, Ресей бүгіннен бастап екі ел арасындағы тікелей пошта қызметін қайта ашқандығы жөнінде ресми жариялаған. Президент Владимир Путин “Грузиямен арадағы қарым-қатынастар қайта қалпына келтірілсін” деп бұйырған болатын. Ол жөнінде жұма күні Ресей сыртқы істер министрлігі хабарлаған еді.