Қазақстанда Біріккен ұлттар ұйымының талабына сәйкес азаптау фактілерінің алдын алу үшін түрмелерге кіру құқы болатын комитет құрылады. Бұл туралы бүгін Астанада Әділет министрлігінің басшылығы парламенттің жалпы отырысында хабарлады. Оның алдында парламент мәжілісі «Азаптауға қарсы конвенцияның факультативтік хаттамасын ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдаған еді.