Далай Лама өкілімен келіссөздер басталды

Тибеттің рухани жетекшісі Далай Ламаның өкілдері Қытайдың ресмилерімен кездесу үшін Шенчьжень қаласына келді, Қуғындағы Тибет үкіметінің хабарлауынша, келіссөздер басталып кеткен. Бұл наурыз айында Қытай билігіне қарсылық танытып, көтеріліске шыққан тибеттіктер басып тасталғаннан кейін болып отырған алғашқы кездесу. Ол көтеріліс олимпиада алауының ғаламдық сапарына кедергі келтіріп, Бейжин олимпиадасына бойкот жариялауға шақырған үндеулерге ұласқан. Қытай осыған дейін Далай Ламаны Бейжин олимпиадасын бұзбақшы деп айыптаған. Далай Лама ол айыптауларды қабылдамаған.