Грузияның 2 тыңшы ұшағын атып түсірдік, деп жікшілдік бағыттағы Абхазия басшылары жексенбіде айтқан болатын. Грузия мұндай оқиғаның болғанын жоққа шығарып отыр. Қауіпсіздік аймағындағы Абхазияның әуе шабуылдарынан қорғаныс жүйесінің көлемі мен оның қолданылуы туралы БҰҰ-ның зерттеп, қорытындысын әлемге жариялауын ресми Тбилиси сұрауда.