Бағдадтың солтүстігіндегі шабуылдардан 10 Ирақ сарбазы қаза тапты

Бағдадтың солтүстігіндегі тексеру бекетінде “Әл-Қаида” жауынгерлері деп күдіктелгендер 10 Ирақ сарбазын өлтірді. АҚШ әскерилерінің хабарлауынша, Дияла аймағында орын алған ол шабуылдан, сондай-ақ, 13 сарбаз жарақат алған. Соңғы айларда бұл аймақта АҚШ және Ирақ күштері мен Әл-Қаида жауынгерлері арасында шайқастар орын алған болатын.